Алматының бір ауданында күн бойы суық су болмайды
Алматыдағы Бостандық ауданында суық суды 9 сағатқа жауып тастайды. “Алматы су” компаниясы таратқан мәліметке сәйкес, қалада су құбырының жаңа желілерін іске қосу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 18 ақпан күні сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Бостандық ауданында орналасқан бірнеше тұрғын үй кешенінде суық суық өшіріп тастайды. Бұл: Розыбакиев көшесінде “Әмір”, “Estet” пен “4You” тұрғын үй кешендері, Тәжибаев көшесінде “Элемент” тұрғын үй кешені; Қожабеков көшесінде 6, 17/1, 21 үйлері мен “Браун” тұрғын үй кешені. Компания мамандары қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады. Суық суды жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігі үшін өшіруге тура келеді.