Алматының үш жылдық бюджеті бекітілді

Алматының үш жылдық бюджеті бекітілді. 2025 жылы қалалық бюджеттің көлемі 2 трлн теңгеден асады. Бұл 2022 жылдың басындағы көрсеткіштен екі есе көп. Әлеуметтік сала басым бағыт болып қала береді және оған 852 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінеді. Басқа негізгі бағыттар – көлік, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және экологияны жақсарту. Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, бюджет барша тұрғын үшін жайлы орта құруға және Президент тапсырмаларын орындауға бағытталған.