Amanat Drive қаржы пирамидасының бас ұйымдастырушысы қамауға алынды. Компания тұрғындарға пайызсыз бөліп төлеу арқылы жылжымайтын мүлік пен автокөлік сатып алуды ұсынған. Алайда бұл міндеттемелер толық орындалмаған, ал мүлік туыстары мен жақындарына берілген. Қаржы пирамида ұйымдастырушысы жасаған бірнеше деңгейлі заңсыз схемасын Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті анықтады. Қаржы пирамидасы 8 мыңнан астам салымшынының жалпы салған қаражаты 21 миллиард теңгеден асқан. Ол ақшағатұрғын үйлер, астанада пәтерлер, сондай-ақ HUMMER H2 және Lexus LX570 маркалы қымбат автокөліктер сатып алынып, сенімді адамдардың атына рәсімделген. Сот санкциясымен мүлікке және тұтыну кооперативінің шоттарына тыйым салынды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.