Амандық Баталов ентігу мен жүрек жетіспеушілігі салдарынан шұғыл түрде Нұр-Сұлтанға жеткізілді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов онлайн-брифингте айтты – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
“Амандық Ғаббасұлыда коронавирус үш апта бұрын анықталды. Ол емделді, бірақ ентігу мен жүрек жетіспеушілігінің басталуына байланысты дәрігерлер оны Нұр-Сұлтан кардиологиялық орталығына жатқызу туралы шешім қабылдады”, – деді Батыржан Байжұманов.
Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта әкімнің жағдайы жақсарғанын атап өтті.