Анкарада жарылыстан үш қабатты тұрғын үй опырылды

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Кечиорен аймағындағы жарылыстан зардап шеккен екі баланың жағдайы ауыр екенін айтты,- деп хабарлайды Daily Sabah басылымы. Оқиға болған жерге сегіз жедел жәрдем жіберілді, – деді Кожа. Ал Анкара губернаторы Васип Шахин жарылыс сұйытылған мұнай газы (PG) әсерінен болғанын айтты. Құтқарушылар зардап шеккендерді іздеуді жалғастырып жатыр. Адамдар үйінді астында қалуы мүмкін.