Коррупцияға қарсы қызметі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен “СК-Фармация” компаниясына қатысты тергеу бастағанын хабарлады.
Ведомство Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) “қызмет көрсетуді сатып алу құнын көтеріп, ақша жымқырды” деп күдіктенеді. Ал “СК-Фармация” компаниясының шетелден келген гуманитарлық көмектерді қалай бөлгенін тексеріп, жемқорлық күдігі бойынша тергеу жүргізбек.
10 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) мен елдегі дәрі-дәрмек жүйесін реттейтін “СК-Фармация” компаниясы басшылығын “босатуды” тапсырған еді.