Apple қыркүйектің 10-ны iPhone-ның жаңа моделін ұсынбақ

Apple қыркүйектің 10-ны iPhone-ның жаңа моделін ұсынбақ. Мұндай болжамды Bloomberg басылымы жасады. Компания салтанатты іс-шараны сейсенбі күнге жоспарлап отыр. Десе де, жаңа iPhone-ның тұсаукесері нақты қашан болатыны әзірге белгісіз. Apple iPhone, Apple Watch және AirPods-тың жаңа серияларын таныстырған соң құрылғылар топтамасы қыркүйектің 20-сы сатылымға шығады. Компания көпшілікке iPhone 16 және iPhone 16 Pro моделін таныстырмақ. Жаңа iPhone телефондарының дизайны iPhone 15-ке ұқсауы мүмкін. Бұған дейін Apple жаңа iOS-тың 18 нұсқасын таныстырған еді.