Арқалық өңірінде дәрі тапшылығы бар. Аймақтағы дәріханаларда ұзын-сонар кезек және кіре беріс есігіне парацетамол, тағы басқа да жоқ дәрілердің тізімін жазып қойған. Ауруханадағылар дәрі жеткілікті десе, жергілікті дәріханалар дәріні өз бетімен іздеп жүр.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, “Ақ жол” демократиялық партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракция жетекшісі Азат Перуашев осылай деп мәлімдеді. Ол жақында Арқалық өңіріндегі дәрі-дәрмекке қатысты жағдаймен танысып қайтқан еді деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ондағы көмекке мұқтаж, жағдайы нашар отбасыларға азаматтық белсенділер мемлекеттік органға сенбей, өздері қаражат жинап, шетелден қажетті медициналық аппараттарды сатып алып жатыр деді депутат.