Қарағанды әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабековке қандай айып тағылғаны белгілі болды. Қарағанды облысы прокуратурасының мәліметінше, әкімнің орынбасары 12 қыркүйекте ұсталған. Жақсылық Шалабеков алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамдармен бюджет қаражатын жымқырды және жұмсады деген күдікке ілінді (ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі).
Қаражат 2018 жылы “Нұрлы-Жер” мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлініп, Қарағанды қаласындағы ірі панельді тұрғын үйлердің құрылысына бағытталды. Мемлекетке келтірілген шығын 107 миллион теңгені құрады, деп хабарлайды каз нур кз.