Қарағанды маңында 14 жүк вагоны рельстен шығып кетті

Бұл туралы “Қазақстан темір жолы” компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қарабас учаскесінде жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Алдын ала болжам бойынша, рельстен шығу жеке меншікке тиесілі вагондардың дұрыс жұмыс істемеуінен болған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.