Қарағандыда 15 қазаннан бастап жол ақысы қымбаттайды. Қоғамдық көлікте жүру құны 150 теңге болады. Алайда бұл қолма-қол ақшамен есеп айырысатын жолаушыларға қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24». Ал «Оңай» картасы барлар бұрынғыдай 80 теңгемен жүреді. Қазір қалада қоғамдық көлікпен қатынайтын жолаушы саны 200 мыңнан асып жығылады. Олардың 60%-і жеңілдік картасын алған. «Ендігі мақсат – электронды төлем үлесін 90% жеткізу», – дейді мамандар. Бұл автобустардағы жүктемені бақылап, тасымалдаушыларға субсидия бөлу үшін маңызды. Қазір қалаішілік маршрут бойынша қатынайтын барлық қоғамдық көлікке валидаторлар орнатылды. Бастапқы кезде кондукторлар да қатар жүріп, қызмет көрсетеді. Кейін оларды қысқарту жоспары бар.