Электр станцияларының жұмысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі. Электр станциялардағы генерацияның төмендеуіне байланысты елдімекенде 350 МВт шектеулер енгізілді, – делінген әкімдіктің хабарламасында. Естеріңізе сала кетейік, Қарағанды жылу орталығында ірі апат болып, қала жарықсыз қалған болатын. 3-ЖЭО-дағы технологиялық ақау салдарынан 220 кВ сыртқы тарату құрылғысы сөндірілген еді.