Қарағандының ірі автопарктеріне қосымша жанармай жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы облыс әкімі Жеңіс Қасымбек аппараттық жиында мәлімдеді. Бірақ отынның қанша көлемде екені әзірге белгісіз. Еске салсақ, демалыс күндері дизельдің тапшылығы салдарынан қоғамдық көліктің 30 проценті тоқтап қалған болатын. Әкімнің баспасөз қызметі бүгінде жалпы саны 330 автобус жоспарға сай жүріп тұрғанын мәлімдеді. Ал өңірде бензин тапшылығы жоқ. АИ-92 маркалы бензин жанармай бекеттерінде жүргізушілерге еркін сатылып жатыр.