Айта кетейік, 21 қазан күні түнде Қарағанды қаласындағы “Арай” базарындағы контейнерлердің бірінен өрт шыққан. Өрт тез өршіп, жалын қасындағы контейнерлерді шарпыған, – деп хабарлайды Polisia.kz. . Салдарынан 14 контейнер өртеніп, жалпы көлемі 200 шаршы метр аумақ зардап шеккен. Полиция қызметкерлері техникалық сараптама қорытындысы бойынша өртті қасақана біреудің ұйымдастырғанын анықтады. Аталған факт бойынша Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 28 және 51 жастағы екі ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүріп жатыр.