Қарағандыда ферроқорытпа зауытындағы апаттан кейін компания Ресей мен Түркиядан дәрігерлер алдыртты

Қарағандыда ферроқорытпа зауытындағы апаттан кейін компания Ресей мен Түркиядан дәрігерлер алдыртты. Медициналық топтың құрамына тәжірибелі комбустиолог-реаниматологтар кірді. Одан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша қосымша медициналық көмек көрсету үшін Астанадағы академик Н.Д.Бәтпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының директоры Олжас Бекарысов бастаған қызметкерлер Қарағандыға арнайы келді. Олар екі науқастың жансақтау бөлімінде жатқанын, қалған алтауының жағдайы ауыр және өте ауыр екенні айтты. Науқастардың денсаулығы мен өмірі үшін күрес жалғасып жатыр.