Арал теңізінде су көлемі ұлғайды

Арал теңізінде су көлемі ұлғайды

Солтүстік Аралды сақтау жобасының алғашқы кезеңінің нәтижесінде теңіздегі су көлемі 42 пайызға ұлғайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Теңіздегі су көлемі 27 миллиард текше метрге жеткен. Теңіз суының тұздылығы төрт есеге жуық төмендеп, жыл сайынғы балық аулау көрсеткіші 8 мың тоннаға дейін жетті.

Су ресурстары және ирригация министрлігі “Арал теңізінің Солтүстік бөлігін қалпына келтіру” жобасын әзірлеп жатыр. Жоба 3 негізгі бағытты қамтиды. Оның ішінде Солтүстік Арал теңізінде су жинақтаудың көлемі мен тиімділігін арттыру да қарастырылған.