Ол үшін Қазақстан және Армения қаржы министрліктері көлік құралдарына салық салу бойынша өзара уағдаласты. Нәтижесінде Армениядан 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелінген, меншік құқығы бойынша Қазақстан резиденттеріне тиесілі автомобильдерге еліміздің ішкі істер органдарында тіркеу есебіне қойылған сәттен бастап ұлттық заңнамаға сәйкес, Қазақстанда ғана көлік салығы салынады. Қос мемлекеттің салық органдары Қазақстанда тіркелген көлік құралдары бойынша мәліметтер алмасуды жүргізетін болады, – делінген қаржы министрлігінің хабарламасында. Егер көлік құралы 2020 жылғы 1 қарашада тіркеу есебіне қойылса, биыл 1 сәуірден кешіктірмей 2020 жылғы қараша мен желтоқсан үшін бюджетке көлік салығын төлеу қажет. Салық уақытылы төленбесе, өсімпұл есептеледі.