Аршалыда 12 жастағы қызды зорлап кетті: күдікті ұсталды – видео

Ақмола облысындағы Аршалы кентінде кәмелет жасқа толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі. Ресми мәліметке сәйкес, 13 тамызда Аршалының полиция бөліміне 12 жастағы қызды зорлау фактісі туралы арыз түскен. Тәртіп сақшылары бірден жедел іздестіру шараларына кірісті. Күдікті сол күні ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Қажетті сараптамалар тағайындалды. “Ұсталған адамның кінәсі дәлелденсе, 20 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін”, – дейді полицейлер.