Аrtsport платформасы арқылы қаржы жымқыру деректері анықталды. Дәлірек айтқанда, мемлекет есебінен балалардың үйірмеге қатысқандығы туралы жалған мәліметтер пайдаланылған. Осыған қатысты сот санкциясымен Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы қамауға алынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет балалар шығармашылығын жан басына қаржыландыруға бөлінген қаражатқа қол сұққан басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты тергеуді бастады.