Арыстағы жарылыстан жараланған әскери қызметкерге пәтер беріледі

Арыстағы жарылыстан жараланған әскери қызметкерге пәтер беріледі. Әскери қызметкер Жомарт Мұғал 2019 жылы әскери қоймадағы жарылыстың салдарын жою кезінде жараланған еді. 31 жастағы азамат снарядтың жарылуынан ауыр жарақат алған. Денсаулығына байланысты жұмысынан да айырылған. Жомарт Мұғал қазір үшінші топ мүгедегі. “Қазір баспана бөлу мәселесі бойынша хат жіберілді. Қарулы күштер тарапынан да оған уақытша баспана беру сұрағы пысықталып жатыр. Сонымен қатар басқа да әлеуметтік көмек көрсету сұрақтары қарастырылады”, – деді Қарулы күштер құрлық әскері баспасөз қызметінің бастығы Меруерт Мақашева. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Арыстағы жарылыстан жарақат алған әскери қызметкер Жомарт Мұғал биліктен көмек сұрағанын айтқан едік.