Шетел азаматтары еліміздің бес аумағында заңсыз қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. “Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары өздерін “Unique finance” шетел компаниясының өкілдері ретінде таныстырып, тұрғындарға ақша қаражаттарын “Pepsi”, “Nike”, “Microsoft”, “Ford”, “BMW” секілді халықаралық ірі компаниялардың бағалы қағаздарына инвестициялауды ұсынғаны белгілі болды. Салымшыларға ай сайын жалпы салған сомаларының 6 пайызы көлемінде, сондай-ақ, жаңадан тіркелген серіктестің салым сомасынан 5 пайыз пайда алатыны уәде етілген”, – делінген хабарламада. Осы компанияға ең төменгі салым 1000 доллар екенін атап өткен жөн.