Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайраттың қандай мүлкі тәркіленгенін көрсетті

Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайраттың қандай мүлкі тәркіленгенін көрсетті. Қоғамдық қайырымдылық қордың тең құрылтайшысы және басшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу әлі жүріп жатыр. Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін, сонымен қатар, Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету мақсатында жиналған 1,7 млрд теңгеден аса қаражатты жымқырды деп күдікке ілініп отыр. Тәркіленген сөмкелердің жалпы құны 110 миллион теңгеден асады. Сөмкелерге оның есімі мен тегін көрсететін “PK” белгісі қойылған. Қосымша ақпарат, Перизат Қайрат – Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының төрайымы, Қазақстандағы белсенді еріктілер қозғалысының жетекшісі болған.