Асхат Аймағамбетов Денсаулық сақтау министрлігін сынады

Асхат Аймағамбетов Денсаулық сақтау министрлігін сынады. Наразылықтың негізгі себебі – ведомствоның елдегі онкологиялық ауруларға шалдыққан адамдарды емдеуге бөлінген бюджетті қысқарту туралы бұйрығы еді. Елде қатерлі ісікпен ауыратындар химиотерапиядан бөлек, өзге де қымбат терапиядан өтеді, ал қабылданған шешім сауығып кету мүмкіндігін төмендетпек… бұл өмір мен өлім мәселесі – бұл азаматтар қаншалықты ұзақ өмір сүріп, қымбат препараттарды тұтына алады”, – деді депутат Аймағамбетов. Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев тарифтерді төмендету туралы шешім министрлі алқасында бірауыздан қабылданды, бұл науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне әсер етпейді”, – деді.