Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Еңбек кодексінде қашықтан жұмыс істеудің құқықтық реттелуін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды. Орындалатын жұмыс көлемі сақталған жағдайда жұмыс берушіге, қашықтан жұмыс істейтін қызметкердің жалақысын төмендетуге мүмкіндік бермейтін норма енгізілді. Одан бөлек, екі тарап арасында қашықтықтан жұмыс істеу кезінде пайдаланатын құпия ақпаратты қорғау туралы шарт жасалады, – дейді, сенатор Нариман Төреғалиев.