Ashyq көшбасшылары түнгі екіге дейін қызмет көрсете алады. Алайда оған келушілер екпенің екі бірдей дозасын алған болуы тиіс. Немесе ПТР-тест нәтижесі болуы қажет. Елде осы сенбіден бастап карантин режимі жеңілдетіледі. Ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24». Ashyq жүйесіне қосылған тамақтану орындары енді түнгі он екіге дейін жұмыс істеуге рұқсат алды. Одан бөлек, енді сенбі күндері қоғамдық көліктер жүретін болды.