Ashyq жүйесінде COVID-19-ға қарсы екпе алған азаматтардың «жасыл» мәртебесі бір жыл мерзімде ғана сақталады. Бұл туралы Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов жақында қол қойған жаңа қаулыда айтылған. Қаулы бүгін күшіне енеді. Сондай-ақ вакцинаның бірінші компонентін алған адамдарда Ashyq-та «жасыл» статус 21 күн бойы сақталады. Күнтізбелік 21 күн өткен соң екінші дозаны алмаған жағдайда «жасыл» статус «көкке» ауыстырылады.