Елімізде екінші деңгейлі тағы бір банк лицензиясынан айырылды. Бұл жолы «AsiaCredit Bank»-тің қаржы операцияларын жүргізу құқығы шектелді. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жариялады. Шешімге қаржы ұйымының жүйелі қателіктері және капиталына қосымша ақша құю туралы агенттік талабын орындамауы себеп болды. Лицензиясын алған сәтте банк капиталында 19 миллиард теңге дефицит болды. Ал жалпы портфелінің 70 проценті қайтарылмаған қарыздардың үлесінде. Бүгіннен бастап банк клиенттеріне қызмет көрсету тоқтатылды. Қаржы ұйымында жалпы сомасы 19 миллиард теңгені құрайтын 23 мың жеке тұлғаның депозиті бар. Барлығы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры есебінен өтеледі.