Астана полициясы Бейбіт Шүменовті іздеуге қатысты пікір білдірді.

Еске сала кетсек, 18 маусымда елордадағы сауда орталықтарының бірінде төбелес болған еді. «Сол оқиға фактісі бойынша Астана қаласының полиция департаменті Бейбіт Шүменовке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр”,- деді Астана ПД баспасөз қызметі. Айта кетейік, боксшы мен балалы ер адамның арасындағы жанжал қоғамда резонанс тудырған.