Астанада 35 зейнеткер «бақытты өмір үшін» бір алаяққа 286 млн теңге жинап берген

Астанада 35 зейнеткер «бақытты өмір үшін» бір алаяққа 286 млн теңге жинап берген
Астанада 35 зейнеткер бір адамға 286 млн теңге жинап берген. Олар жеңіл табыс туралы құрғақ уәдеге сеніп, қаржы пирамидасының құрбаны болған. Күдікті зейнеткерлерге биологиялық белсенді қоспа (БАД) сатамын деп әрі оны өзгелерге сатса, мол табысқа кенелесіздер деп олардан кемі 7500 теңге, ал ең көбі 2 млн теңге алған. Ол заңсыз алынған ақшаға элиталық тұрғын үй кешенінен 36 млн теңге тұратын пәтер сатып алған. Қазір пәтерге арест қойылды.