Астанада 5 метр биіктіктен құлаған цирк әртісі жарақат алды

Астанада 5 метр биіктіктен құлаған цирк әртісі жарақат алды. Жағдай әртістің өнер көрсету кезінде болған. Оқиға орнына дереу жеткен жедел жәрдем бригадасы науқасты ауруханаға жеткізді. «Пациентке бас жарақаты мен ми шайқалуы диагнозы қойылды. Жалпы жағдайы – орташа ауыр, тұрақты», – деп хабарлады қалалық Денсаулық сақтау басқармасынан.