Астанада балабақша тәрбиешісінің көмекшісі балаларға зорлық-зомбылық көрсеткен. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.Астанадағы №21 “Гүлдер” балабақшасында балалар жүйелі түрде физикалық қысымға ұшыраған. Бақылау камераларындағы жазбаларды зерттей келе, балаларға жасалған зорлық-зомбылықтың 19 эпизоды анықталды. Тәрбиеші көмекшісі тәртіптік негізде қызметінен босатылды. Іс материалдары полиция департаментіне жолданды.