Сот күтуші мен оның азаматтық некедегі жолдасын 17 және 23 жылға бас бостандығынан айырды. Былтыр олар жас балаға физикалық зорлық-зомбылық көрсеткен. Соның салдарынан бала қаза тапқан. Қала прокуратурасының үйлестіруімен жедел-тергеу тобы құрылды. Сотта мемлекеттік айыптаушымен аталған адамдардың кінәсі туралы бұлтартпас дәлелдер келтірілді. Үкім заңды күшіне енді.