Сот алқабилердің қатысуымен өтіп жатыр. Барлығы 12 алқаби бар, оның 10-ы негізгі, екеуі қосалқы. Олар 300 үміткердің арасынан таңдалды. Жоғарғы соттың баспасөз қызметі осылай деп хабарлады. Сот онлайн-трансляция арқылы көрсетіліп жатыр. Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа аса қатыгездікпен кісі өлтіру және қинау сынды екі бап бойынша айып тағылды.