Астанада LRT эстакадасының учаскесінде алғашқы 500 метр рельс жолы төселді

Астанада LRT эстакадасының учаскесінде алғашқы 500 метр рельс жолы төселді. Енді жеңіл рельсті жол қондырмасының қысқы ауа райына қаншалықты шыдай алатынын зерттеуге болады. Рельс жолы арматуралық жақтауды, шпалдарды, рельстерді және бекіткіштерді қамтиды. Заманауи технологиялар қолданылған. Эстакаданың жалпы ұзындығы – 22,4 шақырымға тең. Оған қос жол төселеді, бұл пойыздардың өтуін, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұргізуге ыңғайлы болады. Эстакададағы рельс жолдарын төсеу 2025 жылы аяқталуы керек.