Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары Марат Шайхутдинов “мемлекетке сатқындық жасау” және “тыңшылық” баптары бойынша кінәлі танылып, жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл жөнінде ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. ҰҚК хабарламасында “қылмыстық іске қатысы бар” Скаковский (“мемлекетке опасыздық жасау” бойынша, және Жданның (“тыңшылық” бойынша) “кінәсі толық дәлелденгенін” де жазған. “Олар сәйкесінше 11 жыл 3 айға және 11 жылға бас бостандықтарынан айырылды” деп жазылған хабарламада. Дегенмен ҰҚК қай ел мүддесіне “сатқындық пен тыңшылық жасалғанын” нақтыламаған.