Астанадағы “Атырау” көпірінен тұрғын көлікпен жүріп өткен

Астанадағы “Атырау” көпірінен тұрғын көлікпен жүріп өткен. Астаналық “көлікпен жаяу жүргіншілер көпірінен өте аламын” деп досымен бәстескен. Көлік жүргізуші тәртіп бұзғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Ер адам көлікті мемлекеттік нөмірсіз тізгіндеген. Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты.