Бұл – әлемдегі алғашқы препарат. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлайды. Жаңа дәрі вакцина алған, бірақ иммунитетінде қажетті деңгейде антидене қалыптаспаған азаматтарды қорғауға арналған. Препарат аурудың ушығуына жол бермей, өлім қаупін әлдеқайда азайтатын көрінеді. Осыған байланысты AstraZeneca АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмекті бақылау басқармасынан дәріні қолдануға рұқсат беруін сұрады.