AstraZeneca вакцина партиясын Қазақстанға жеткізу жоспарланып отыр деген ақпарат жалған

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы еуропалық AstraZeneca вакцина партиясын Қазақстанға жеткізу жоспарланып отыр деген ақпаратты жоққа шығарды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “AstraZeneca сатып алу туралы ақпарат жалған”, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметіндегілер. Қазақстанда жақында еуропалық вакцина пайда болады деген қауесет әлеуметтік желі қолданушылары арасында тарады. Еске салайық, AstraZeneca вакцинасының беделі адам өлімінен кейін түскен болатын. препаратты қолданудан бірнеше мемлекет бас тартты. Оның шінде Аустрия,, Германия, Италия,, Франция, Индонезия, Канада бар.