Қасым-Жомарт Тоқаев Катарға жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірінің жеке шақыруымен Доха қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды «Хабар 24». Ертең Қазақстан Президенті Катар экономикалық форумына қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ Әмір Тамим бен Хамад Әл Тәнимен кездесу жоспарланған.