Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Бектеновті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Бектеновті қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды. Ақорданың ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономикалық өсімді қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру бойынша тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инвестиция тарту, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, импорт алмастыру және әлеуметтік маңызға ие азық-түліктің бағасын тұрақтандыруды бақылау бойынша бірқатар тапсырма берді.