Қасым-Жомарт Тоқаев осы аптада Ұлытау, Ресей және Иранға барады

Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады. Маусымның 16-ы күні Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысының орталығында өтетін Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысына қатысады. Маусымның 17-і күні президент Петербор халықаралық экономикалық форумының 25-мерейтойлық жиынына қатысады. Мемлекет басшысы бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланған. 19 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисидің шақыруымен Иранға ресми сапармен барады. Тегеранда жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізу және бірқатар үкіметаралық құжатқа қол қою жоспарланып отыр.