Мемлекет басшысы Қытаймен бірлесіп, су шаруашылығы саласына жаңа технологияларды енгізу бағдарламасын әзірлеуді ұсынды. “Трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдаланған жөн. Орталық Азия елдерінің тұщы су тапшылығына ұшырау қаупі жоғары екені белгілі. 2050 жылға қарай 5 миллиардтан астам адам ауызсуға мұқтаж болуы мүмкін. Бұл – Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегі”, – деді президент.