“Мемлекеттеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастар табысты дамып келе жатқаны қуантады, деп хабарлайды Ақорда. Біз күш біріктіре отырып, барлық екіжақты байланыстарды, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы ұйым, ТМД, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы ықпалдастықты одан әрі нығайтатынымызға сенімдімін, деді путин. Айта кетейік, осыған дейін қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен АҚШ президенті Дональд Трамп құттықтаған еді.