Пара көлемі – 30 млн доллар (13,3 млрд теңге). Антикор оның ұсталғанын және оған қатысты қылмыстық іс қозғалғанын ресми түрде растады. Айта кетсек, Абылай Мырзахметов 2022 жылы ақпанда “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы қызметінен өз еркімен кеткен болатын. Ол өзіне тағылған сынмен келісетінін айтып, Ұлттық палатаның кезектен тыс IX съезінде мәлімдеме жасаған. Ол бұған дейін ҚР Президенті жанындағы экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі болған. “Қазақстан темір жолы” РМК бас директорының міндетін атқарушы, “Самұрық-Қазына” қоры жанындағы қоғамдық-консультативтік кеңестің жауапты хатшысы болды.