Атырау қаласында үш адамды ескерткіш басып қалған. Қалада дауыл тұрып, жауын жауған соң олар ескерткішке барып ықтаған. Әке мен екі баланың жағдайы қазір ауыр. Баланың бірі – 9 жастағы ұл, екіншісі 6 жастағы қыз. “Ұлдың қолы екі жерден сынған, басынан жарақат алған. Ал күйеу баламның екі тізесі жараланған, бір тізесі мүлдем күп болып ісіп кеткен, жүре алмайды. Қолы мен екі қабырғасы сынған”, – дейді баланың нағашы атасы Максим Меңдіғожин. «Түрлі ауыр дене жарақатымен ауруханаға түсіп, жансақтау бөліміне жатқызылған 6 жастағы пациент қайтыс болды”, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы. 9 жастағы ұлдың қолына гипс салып, амбулаториялық ем қабылдауға үйіне жіберілген. Атырау әкімдігі барлық бюсті тексеруге кірісті.