Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгелі Атырау облысында 42 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Сыбайластықтың басым бөлігі құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен анықталды. 42 лауазымды тұлғаның 27-сі полиция қызметкері. Облыс орталығында 35 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Ал сыбайластыққа жол берген 7 адам аудандардан анықталды.