Оның ішінде 3 200-сі техникалық, қалған грант педагогикалық мамандықты таңдағандарға беріледі. «Бұл мамандықтардың өңір үшін маңызы зор. Өйткені, облыста кадр тапшылығы бар. Қазір грантт иелену үшін құжат қабылдау жүріп жатыр. Бұл гранттың артықшылығы – кейіннен еңбек өтілі түрінде қайтару жауапкершілігі қарастырылмаған. Балалар шәкіртақы алып, Қазақстанның ең үздік жоғары оқу орындарында білім алуына толықтай мүмкіндік берілген» -деді Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенова.