Облыстың бас санитария дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көліктер мен басқа да автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Оларға қала көшелерінде жүруге таңғы 6-дан кешкі 11-ге дейін ғана рұқсат беріледі. Адам көп шоғырланатын басқа да нысандарда сақтық шаралары күшейтілді. Маска тағу, 1,5-2 метр арақашықтықты сақтап жүру қатаң бақылауға алынды.
Айта кетейік, қаладағы балабақшалардың біріндегі 3 қызметкерден жұқпалы ауру белгілері анықталған еді. Соған байланысты барлық бөбекжайдың жұмысы тоқтатылды. Сонымен қатар қаладағы мекеме-кәсіпорындарда коронавирусқа қарсы жаппай скринингтік тексерулер басталды.
Ондағы қызметкерлердің 80 пайызын қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру ұсынылды.