Желіде жанармай құю бекетіндегі жарылыстың видеосы жарияланды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
Оқиға бүгін таңертең “ПромГаз” ЖШС-ның аумағында болған. “Форд” маркалы автоцистернаның жарылуынан сол маңда 60-70 метр жерде орналасқан ғимарат бүлінген. “Төрт адамды күйік шалды. Олар – жанармай құюшы, жүргізуші мен Атырау облысы ТЖД екі қызметкері, бөлім командирі мен өртсөндіруші.
Жарылыстан зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды” делінген ТЖК-ның хабарламасында. Оның екеуінің жағдайы ауыр. Өрт толықтай ауыздықталған. Қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнына Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің 25 қызметкері мен 4 дана техника жұмылдырылды.