Атырауда ер адамға 13 жастағы өгей қызын зорлады деген айып тағылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі “Мой ГОРОД” басылымына сілтеме жасап. Оқиға туралы “НемолчиKZ” қоғамдық қоры Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Олардың мәліметінше, оқушы қызды өгей әкесі бірнеше жылдан бері зорлаған. “Қорқу” деген жұмсақ айтылған десек те болады. Оның салған суреттеріне қарап, біз қыз үшін нағыз сұмдық болғанын көріп отырмыз”, – деп жазды қор өкілдері. Қыздың анасы – отбасында жалғыз асыраушы. Онымен бірге тағы үш баласы бар. Бірақ үлкен қызын қалдырудан қорыққаннан жұмыс істей алмайды. Бұрынғы күйеуінің отбасы оларды көшеде қалдырып кеткен. “Қазір шұғыл-тергеу шаралары жргізіліп жатыр. Департамент басшылығы қылмыстық істің тергелуін жеке бақылауына алды”, – деп мәлімдеді полиция.